Қазақша сапалы контент
+1 голос

Церебральды сал ауруы бар балаларда қандай рефлекстерді дамыту керек?

ДЦП балаларды қалай қайда емдейді?

от в категории Ғылым, технология, тіл

1 Жауап

0 голосов

Балалардың церебральды сал ауруы-ұрық, эмбрион, нәресте және балалардың ағзасына ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуінен   ақыл-ес,көру,сөйлеу,есту және ерікті қимыл-қозғалысқа жауап беретін ми құрылымының зақымдалуынан болатын жүйке жүйесінің ауруы

  • Британдық ортопед Уильям Джон Литтль (1810-1894) алғаш рет босану кезіндегі асқынулармен  қатар  баладағы физикалық және ақыл-ой дамуының бұзылысы арасындағы себеп байланысты орнатқан
  • 1861жылы Уильям Литтль босану кезінде жарақат алған балалардың аяқ-қолы салдануы туралы зерттеулерін  алғаш рет жариялаған. Балалардың жағдайы зерттеу кезінде өзгермеген. Тек еңбектеу мен жүру кезінде қиындықтар туындаған. Бұл балалардағы зақымдану «Литтль ауруы» деп аталып келген, қазіргі кезде «Спастикалық диплегия » деген атпен белгілі. Литтль бұл зақымдануды босану кезіндегі гипоксиямен байланыстырады.
  • Белгілі Канадалық ортопед Уильям Ослер (1849-1919)  Джон Хопкин университетінде жұмыс жасап жургенде  „Балалардағы церебральды сал ауруы” туралы кітап жазады. Уильям Ослер 1889 жылы алғаш рет «церебральды салдану» терминін қолдануды ұсынды. Себебін қиын босану және балалардағы жүйке жүйесінің зақымдалуы екенін атап көрсетті.

Балалардағы церебральды сал  ауруының себептері:

  • Бірінші топқа (туылуға дейінгі себептер) анасының жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулары (қызылша, цитомегалия, токсоплазмоз, герпес, тұмау және т.б), анасындағы жүрек-қан тамыр және эндокринді(ішкі секреция бездері) аурулары , жүктілік кезіндегі токсикоз, иммунологиялық ана мен баланың қанының сәйкес келмеуі
  •  Сонымен қатар церебральды салдануға алып келетін себептер:жүктілік немесе туу кезіндегі гипоксия (оттегі жетіспеу), миға қан құйылулар, шала туылу және нәрестелердегі қанда билирубиннің жоғары болуы (билирубин мөлшері 341 мкмоль/л-дан жоғары болған жағдайда).
  •  Екінші топқа (туылғаннан кейінгі себептер) менингит (мидың  қабатының қабынуы) , энцефалит (бас миының қабынуы), менингоэнцефалит (мидың және ми қабаттарының қабынуы) аурулары салдарынан және бас-ми жарақатынан кейін болады.
  • Үшінші топқа (тұқым қуалау жолымен)   – глутарлы ацидурия 1-ші түрі  ( глутарил-КоА-дегидрогеназаның жетіспеушілігінен пайда болатын және аутосомды-рецессивті жолмен берілетін ауру)
от
Жауабыңыз үшін рақмет