Қазақша сапалы контент
0 голосов
поздравления на казахском языке новый год 2021, пожелания на казахском языке новый год 2020 2021, жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтаулар, жана жыл кутты болсын тилектер 2020 2021, жаңа жыл құтты болсын 2020 2021 тілек құттықтау казакша туралы қазақша на казахском арналған арналган
от (1.4 тыс. баллов) в категории Сабақ, сынып

1 Жауап

0 голосов
Лучший ответ

Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып, Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз,  қауқылдасып...
 
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып,  қырау шалған қанаттары!
 
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

от (1.4 тыс. баллов)