Қазақша сапалы контент
0 голосов
Той батасы тойга бата
от (4.7 тыс. баллов) в категории Дәстүр

1 Жауап

0 голосов
Бұл бата түрі екі түрлі жағдайда айтылады. Біріншісі — той иелеріне бата беру мақсатында, екіншісі осы тойға арналған малды соятын кезде.

Мысалы:               Бата беру, қазақша бата тілектер, бата түрлері

Той тойға ұлассын,
Тойдан кенде қылмасын!
Өлең-жыр боп күндіз-түн,
Ауыл-аймақ жырғасын!
Құтты болып қуаныш,
Еш жамандық болмасын!
Қызыр дарып, бақ қонып,
Құдай өзі қолдасын!
Болсын тойың торқалы,
Қуандырсын баршаны.
Қарық болсын кəрі-жас,
Өлең айтып, əн салып!
Көрген досың сүйінсін,
Көре алмаған күйінсін!
Берекелі тойыңа,
Игі жақсы жиылсын!
Аллаһуакбар!
от (4.7 тыс. баллов)